«Халық» қайырымдылық қоры Қостанай облысындағы балабақша құрылысына 1,3 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданында 280 орындық жаңа балабақша салынады. Оның құрылысына «Халық» қайырымдылық қоры 1,3 млрд теңге бөлді.
Құрылыс жақын арада басталып, келесі жылы аяқталады.
«Біз зардап шеккендердің барлығының қайғысына ортақпыз. Бұл қолдау олардың қалыпты өмірге оралуына көмектесетініне сенім білдіреміз», делінген «Халық» қайырымдылық қоры мәлімдемесінде.