АСТАНА. 14 мамыр. ЭКСПО-2017 көрме кешенінің негізгі ғимараты – Қазақстан ұлттық павильонын салу маусым айында басталады деп күтілуде. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
ЭКСПО-2017 көрме кешені аумағында орналасатын 26 нысанның ең негізгісі – ұлттық павильонды АҚШ-тың дүниежүзіне танымал Adrian Smith + Gordon Gill Architecture компаниясы салады.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы өткен осы павилон ғимаратын тұрғызуға арналған архитектуралық байқауда ұсынылған жобалардың ішінде аталған компанияның шар тәріздес эскиз-үлгісі үздік шыққан.
Ұлттық павильон диаметрі 80 метр келетін сфераны бейнелейді.
ЭКСПО-2017 кешенінде көрме ғимараттарынан басқа, тұрғын үй кешендері, мектеп, бала-бақша, қонақ үй және конгресс-холл кіреді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: primeminister.kz
Фото: gazeta.kz.