• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қыркүйек, 2022

Польшада күш сынасуда

263 рет
көрсетілді

Әйелдер арасында бокстан Польшаның Гливице қаласында Silesian Open деп аталатын халықаралық турнир басталды. Бұл жарыста Қазақстанның былғары қолғап шеберлері де бақ сынауда.

Алғашқы күні төрт боксшымыз шаршы алаңға шығып, солардың үшеуі жеңіске жетті. Атап айтсақ, ел чемпионы Аида Әбікеева (63 кило) польшалық Виктория Хасты қапы қалдырды. Әлем чемпионатының үш дүр­кін жүлдегері, Азия чемпионы Жайна Шекербекова (54 кило) финляндиялық Вилма Ви­тайненің осал тұсын оңай тапты. Жастар арасындағы әлем бірін­шілігінің жеңімпазы Ба­лауса Мұз­диманның (54 кило) швециялық Зехра Миллиден мерейі үстем болды. Ал Әнел Сақыш (54 кило) таиландтық Джутамас Джутпонттан жеңіліп қалды.

Енді алдағы күндері Карина Ибрагимова, Назым Қызайбай, Римма Волосенко, Мәдина Нұр­шаева, Ләззат Күнгейбаева, Ва­лентина Хальзова, Алуа Балқы­бекова, Гүлсая Ержан, Бал­жан Асқар, Сәния Сұлтанқызы, Жа­зира Орақбаева және Айдана Забынбекова рингке көтеріледі.