Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 22 және 25 қыркүйек күндері УЕФА Ұлттар лигасында Беларусь және Әзербайжан құрамаларымен екі кездесу өткізеді.
Ұлттық командамыздың бас бапкері Магомед Адиев осы ойындарда ел намысын кімдер қорғайтынын жария етті: Қақпашылар – Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»). Қорғаушылар – Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев, Талғат Көсепов (екеуі де – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко, Әлібек Қасым (барлығы – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»). Жартылай қорғаушылар – Юрий Логвиненко, Рамазан Оразов, Максим Самородов (барлығы – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Әділет Садібеков («Қайрат»). Шабуылшылар – Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Роман Муртазаев («Шахтер»).