Шенген визалары бар Ресей азаматтары Литва, Латвия және Эстония елдерінің аумағына кіре алмайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Латвия СІМ басшысы Эдгарс Ринкевичс өзінің Twitter парақшасында хабарлады.
«Балтық жағалауы елдері ЕО Шенген визалары бар Ресей Федерациясы азаматтарының шекарадан өтуін шектеу туралы келісімге келді», деді дипломат.
Оның айтуынша, Балтық елдерінің үкіметтері бұл шешімді ұлттық рәсімдерге сәйкес қабылдап, күшіне енгізді.
Бұған дейін Еуропалық Комиссия Ресеймен визалық режимді жеңілдету туралы келісімді толығымен тоқтату туралы ұсынысты мақұлдаған еді.