• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2014

«Қазақстан барысында» Атырау намысын С.Закарияев қорғайды

289 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 14 мамыр. Облыста «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу жарысы аяқталды. Онда республикалық финалда аймақтың намысын тағы да Сұңғат Закарияевтың қорғайтыны белгілі болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Турнирде мұнайлы өңір спортшыларынан 20-дан астам палуан бақ сынасты. Тартысты бәсекеде қарсыластарының жауырын жерге тигізіп, айласын асырған үркердей топ алға шықты. Олардың арасынан 21 жастағы палуан Сұңғат Закарияевтың бағы жанды. Палуанның әкесі Хисмет Қуанаев та талай рет түйе палуан атанған танымал спортшы еді. Қазір Қызылқоға ауданындағы спорт мектебінде балаларды күрес түрлеріне жаттықтырады. Әкесінен үлгі алған Сұңғат дзюдодан спорт шебері атанған. Салмағы 80 килодан асатін ол мұнда барлық қарсыластарын қапы қалдырып, ақтық сында Бекболат Салықовты ұтты. Сөйтіп, қатарынан екінші жыл «Атырау барысы» атанды. Осылайша С.Закарияев биыл тағы да Атырау облысының намысын «Қазақстан барысы» турнирінде қорғайтын болды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: www.astana-motors.kz.