Белгілі журналист Қайрат Жүнісұлы Әбілда «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған дейін Қайрат Жүнісұлы «Egemen Qazaqstan» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.
Айта кетсек, осы уақытқа дейін «Saryarqa aqparat» медиахолдингін басқарып келген белгілі медиаменеджер Қамбар Ахмет «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.