Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің арулары мен Алматы Радиоэлектроника мен байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарынан құралған 70 жұптың қатысуымен көңілді тербеген Қызғалдақ балы болып өтті.
Бір қызығы – шаттықты әуез салтанаты қыздар университетінің 70 жылдығы құрметіне 70 жұп өзгеше мерекені полонез биімен бастады. Айналаны толқытқан керемет әуез полонезден бастап, полька, мазурка мен Вена вальсінің ырғағы әйгілі «Тақиялы періште» кинофильмінен үзіндіні таныстырды. «Одиссей» әніне бөленген би ырғағы мың бұралды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Нөкетаева мерекелік шараға қатысушы жастарды Алғыс хаттармен марапаттады. Бал атына сай қызғалдақ гүлдерін жаудырды. Университеттің 70 жылдығы құрметіне өткізілген Қызғалдақ балы тұңғыш рет мерекелік салтанатқа ұласты.
«Егемен-ақпарат».