• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2014

Келісті сөздің кестесі

326 рет
көрсетілді

Тәуелсіз Қазақстан қаламгерлерінің әр жаңа туындысы қалың оқырман қауым үшін қашанда олжа. Жуырда Алматыдағы «Тоғанай-Т» баспасынан «Көкірек-көзбен көргендерім» атты кітап жарық көрді. Негізінен эссе, мақала, ой-толғаныстардан тұратын кітаптың авторы қостанайлық белгілі ақын, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатов. Зер сала, зейін қоя пайымдасақ тылсым тіршілік тұ­­­тасымен сан алуан тақырып қой. Асқақ адамгер­ші­лік, кісілік келбет, ақиқат пен шындық, туған тіл та­мыры тереңге жайылатын тағылымды тәрбиесі авторды жиі мазалайды екен. Әсіресе «Неге», «Қол ша­палақтау», «Қаладағы қарттар ойыны», «Мен қазақ қыз­дарына қайран қалам», «Тіл арқылы тірі жүрейік» деп аталатын ой-толғамдар кітап мазмұнын байыта түскен. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннен бастап ағарту­­­­шы ақын, жазушы ретінде рухани кеңістікте керемет із қалдырған қарымды қаламгерлер хақындағы зерт­теу еңбектер мағыналы мазмұны, дәйекті дерек­терімен сыр шертеді. Және бір ағынан ақтарыла айтар қуанышты жай, осы өмірдің өз көрінісінен туындаған шынайы шығармалардың кейбірі кезінде «Егемен Қазақстан» газеті бетіне жарияланып, ойлы оқырман тарапынан лайықты бағасын иеленіп те үлгерген. Қолымыздағы кітаптың көтерген өз жүгі бар. Ерінбей оқыдық, тамсанып, тұшындық. Сондықтан да біз бұл кітапты публицист ретінде де жазу өнерінде өз орнын орнықтырып үлгерген қаламгер Нағашыбай Мұқатовтың толымды табысы дер едік. Қайсар ӘЛІМ, «Егемен Қазақстан».