• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қыркүйек, 2022

Мемлекеттік сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізілді

627 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, енді конкурстық комиссияның құрамы туралы деректер мемлекеттік сатып алу рәсімдері толық аяқталғанға дейін жасырылған. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында жасалды.

Бұдан басқа, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарды Мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта жобалаушының немесе орындаушының құрылыс жобасын пайдалану құқығын, оның ішінде мүліктік құқықтарды беру туралы үлгілік шартқа қол қою міндеті белгіленген.

Осылайша, тапсырыс беруші мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша жобалау құжаттамасын тарату, қайта пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Бұйрық 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.