• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2014

Гранттар білімділерге бұйырды

421 рет
көрсетілді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универ­­­си­тетінде жалпы білім беру мек­тептері және колледж түлектері арасында математика мен физикадан осы жоғары оқу орнының гранттары үшін пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды қолдау болып табылады. Шараға облыстың 31 жалпы білім беру мектебі мен 2 колледжінен 179 түлек қатысты. Пәндік олимпиадада қазақ тілінде оқитындар арасында математикадан бірінші орынды облыс орталығындағы М.Арын атындағы Қарғалы орта мектебінің түлегі Ина­бат Сұлтанғалиева жеңіп алды, екін­ші орынды Алға қаласын­дағы №3 орта мектептен Санду­ғаш Құсайын мен Ақтөбе қаласын­да­ғы №36 орта мектептен Санат Орысбаев бөлісті. Үшінші орын­ға Ақтөбе қаласындағы №51 мек­теп-гимназиядан Ерболат Қабыл, Қарғалы ауданындағы №2 орта мектептің түлегі Айнұр Баймағамбетова және Ырғыз гимназиясынан Қонысбек Қайыров лайықты деп танылды. Орыс тілінде оқитындар арасында Ақтөбе қаласындағы №11 орта мектеп-гимназияның түлегі Садық Гюльмамедов математика пәнінен жеңімпаз болды. Облыс орталығындағы №9 орта мектеп-гимназиясы­нан қа­тыс­қандар Назерке Кұл­мұха­нова мен Мәдина Өтегено­ва­ның білімдері екінші орынмен ба­ғаланды. Үшінші орынға Хромтау қаласындағы №4 орта мектебінің түлегі Алина Диярова, Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің түлегі Александр Резник және №11орта мектеп-гимназиядан Жансерік Данияров ие болды. Физикадан қазақ тілінде оқи­тындар арасынан бірінші орынды Ақтөбе қаласының Благодар орта мектебінің түлегі Нұрсайын Әнесов алды. Екінші орынды Ақтөбе қаласындағы №15 орта мектептің түлегі Нұрбол Мәденов пен №2 Бадамша орта мектебінен Даяна Кұмарова өзара бөлісті. М.Арын атындағы Қарғалы орта мектебінің түлегі Нұртуған Иса­таев, Благодар орта мекте­бі­нен Ержан Пазылбекұлы және №36­ орта мектептен Нұрлыбек Әлі­­беков үшінші орынды қанағат тұт­ты. Орыс тілінде оқитындар арасында Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектеп-лицейдің түлегі Даяна Кожахметова бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын осы №23 орта мектеп-гимназияның түлегі Меруерт Киянбаева мен №20 орта мектеп-лицейден Динара Нұрғожиеваның еншісіне бұйыр­ды. Үшінші орынды Ақтөбе қала­сындағы №3 орта мектептің түлегі Ғазиза Ахметова, №11 орта мектеп-лицейдің оқушысы Диана Әлімбекова және №23 орта мектеп-лицейден Абылай Шу­панов иеленді. Олимпиада жеңімпаздарына бір жылға тегін оқу гранттары тапсырылса, екінші орын алғандар жылдық оқу ақысының 50 пайызынан және үшінші орын алғандар 33 пайызынан босатылатын болады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.