• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Қыркүйек, 2022

Елордалық жанкүйерлер Алан Құрманғалиевті қарсы алды

201 рет
көрсетілді

Қазақстандық жанкүйерлер елорда әуежайында үстел теннисінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Эльмира Әлиева мен оның тәрбиеленушісі, 15 жасар халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевті салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympik.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы Лаоста өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, отандық спорт тарихындағы алғашқы құрлықтық қола медальді жеңіп алды. Бұл жетістікпен оларды Нұр-Сұлтан қаласының, Қарағанды облысының, Республикалық үстел теннисі федерациясының спорт жетекшілері, спортшылар, жанкүйерлер шын жүректен құттықтады.

«Бізге сенгендеріңіз үшін, жылы қарсы алғандарыңыз үшін үлкен рахмет! Республикалық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазинге, Қарағанды облыстық федерациясының президенті Жеңіс Қасымбекке, облыстың спорт басшылығына қолдау көрсетіп, үлкен жеңістерге жетуімізге барлық жағдай жасағаны үшін алғысымызды білдіргіміз келеді», деді Эльмира Әлиева.