• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Қыркүйек, 2022

Польшада олжаға кенелді

140 рет
көрсетілді

Әйелдер арасында Польшаның Гливице қа­ласында аяқталған халықаралық турнир­де Қазақстанның боксшылары табыс­ты өнер көрсетіп, 11 жүлдеге қол жеткізді.

Қарт құрлықта Қазақ елінің әнұраны төрт мәрте шырқалды. Аса жеңіл салмақта сынға түскен Алуа Балқыбекова сербиялық Снежана Силкович, франциялық Абрине Зутони және сербиялық Николь Дурикованы ұтып, алтыннан алқа тақты. 50 кило салмақта күш сынасқан Назым Қызайбайдың да мықтылығы еш күмән туғызған жоқ. Екі дүркін әлем чемпионы деген атағы бар қазақ қызы Пихла Кайво-Ожа (Финляндия), Клаудия Пависка (Польша), Глория д’Алмейда (Франция) және Наталия Рок­ты (Польша) бас көтертпей ұтты. Үшінші алтын Карина Ибрагимованың еншісінде. 57 кило салмақта қолғап түйістірген жерлесіміз барлық қарсыласын жолынан ығыстырып, бас жүлдені олжалады. Аса ауыр салмақтағы Ләз­зат Күнгейбаева да дәл сол межеден көрінді.

Ақтық сынға алқынбай жет­кен Марина Хальзова (75 кило) шешуші тұста швециялық Любовь Холгерсонға есе жіберіп, күміс медаль­ды иеленді. Ал Балауса Мұздиман (54 кило), Жайна Шекербекова (54 кило), Жазира Орақ­баева (50 кило), Аида Әбікеева (63 кило), Дариға Шәкімова (66 кило) және Сәния Сұл­танқызы (57 кило) қолаға қол созды.