• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Қыркүйек, 2022

Жалпы есептегі жағдай өзгеріссіз

180 рет
көрсетілді

«Вуэльта» көпкүндігінің 18-кезеңінде «Астананың» серкесі Мигель Анхель Лопес мәре сызығын тозыншы болып қиып өтіп, жалпы есепте төртінші орынға көтерілді.

19-кезеңде де Лопес дәл сол межеден кө­рінді. Содан біз келесі жарыс күнін тағат­сыздана күттік. Егер осы жолы колумбиялық велошабандоз қарқынын күрт күшейтсе, онда үздік үштіктің қатарына қосылатыны анық еді. 20-кезең Моральсараль мен Пуэрто-де-Навасеррада өңірлері аралығында өтті. Өкінішке қарай, 181 шақырымдық қашықтықта Лопес сегізінші орында қалып қойып, жарыс кестесіндегі жағдайын жақсарата алмады.

Жалпы есептегі жағдай өзгерген жоқ. Бель­гиялық Ремко Эвенепул («Quick-Step Alpha Vinyl Team») – бірінші, испаниялық Эн­рик Мас («Movistar Team») – екінші және Пи­реней түбегінің тағы бір өкілі Хуан Аюса («UAE Team Emirates») үшінші сатыға жайғасты.