II Елизаветаны жерлеу рәсімі 19 қыркүйекте Лондондағы Вестминстер қорымында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Букингем сарайы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жерде дәстүрлі тәж тапсыру рәсімдері, сондай-ақ 1947 жылы II Елизавета патшайым мен ханзада Филипптің үйлену тойы өткен.
Ұлыбританияның жаңа королі III Карл II Елизаветаны жерлеу күнін демалыс күні деп жариялады.
Еске салсақ, 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ІІ Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.