• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қыркүйек, 2022

Абу-Дабиде кездеседі

159 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 19 қарашада Абу-Даби қаласында Біріккен Араб Әмірліктерімен (БАӘ) жолдастық кездесу өткізеді.

БАӘ футболшылары да осал қарсылас емес. Қазіргі кезде олар ФИФА рейтингінде 69-орынды иеленуде. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл тізімде жерлестеріміз 114-сатыға жайғасты. Аталған мемлекеттің өкілдерімен біздің елдің аяқдоп шеберлері үш мәрте кездесті. 1997 жылы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде сырт алаңда 0:4 есебімен ұтылсақ, Алматыда кеткен есені қайтардық – 3:0. 2000 жылы екі команда жолдастық кездесу өткізіп, онда қарсыластарымыздың мерейі үстем болған еді – 5:2.

Аталған команданың ең зор нәтижесі – Азия кубогында екі рет жүлдегерлер қатарынан көрінуі. 1996 жылы БАӘ күміс медальды иеленсе, 2015 жылы қолаға қол созды. 1990 жылы олар Италияда өткен әлем чемпионатында бақ сынады.