Алматы полицейлері жаңа туған нәрестелердің саудасымен айналысқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, күдіктілер баланы заңсыз асырап алумен айналысқан. Олар баласынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді тауып, оларды баласыз жұптармен таныстырған. Ал балаға қатысты барлық құжаттар қолдан рәсімделген.
Қазіргі уақытта қылмыскерлер ұсталып, қамауға алынды. Кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тек қыркүйек айында осыған ұқсас жиырмадан астам қылмыс жасалған.