• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда астық алқаптарының 70%-ға жуығы жиналды

256 рет
көрсетілді

Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, елімізде 11,3 млн гектар жерден астық жиналған, бұл жоспардың 69,8%-ын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

12 ц/га орташа өнімділікпен 13,5 млн тонна астық бастырылды. 2021 жылы орташа өнімділік 8,9 ц/га құрады. Оның ішінде, майлы дақылдар 337,5 мың гектар алқапта жиналды, бұл жоспардың 10%-ы орындалғанын білдіреді. Жалпы, 220,6 мың тонна бастырылды.

66,5 мың гектар алаңда 1,4 млн тонна картоп жиналды, бұл жоспардың 34%-ы. Сондай-ақ, 113,1 мың гектардан 3,2 млн тонна көкөніс жиналды.