• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қыркүйек, 2022

Президент: Қазақстан – әлемдік діндердің киелі орындары көрініс тапқан карта іспетті

356 рет
көрсетілді

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жері ғасырлар бойы Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір болып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Еліміздің Алматы облысында Қойлық деген ортағасырлық қаланың орны бар. Сол жерде қазба жұмыстары жүргізілді. ХІІ-XІV ғасырларда осы қалада ислам, христиан және буддизм дінінің ғимараттары іргелес тұрғаны анықталды. Шын мәнінде Қазақстан аумағы барлық әлемдік діндердің киелі орындары көрініс тапқан карта іспетті. Мұсылмандар Арыстан бабтың, Қожа-Ахмет Яассауидің кесенелеріне, Бекет атаның жерасты мешітіне және басқа да қасиетті жерлерге барып зиярат етеді», деді Президент.