• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қыркүйек, 2022

Рим Папасы Абай философиясы жайында пікір білдірді

503 рет
көрсетілді

Рим Папасы Франциск елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде қазақтың ғұламасы Абайдың діндарлыққа толы туындылары жайлы пікір айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақ жерінің ең атақты ақыны, әйгілі композиторы Абай әлемге діндарлыққа толы туындыларды қалдырды. Біз бұл туындылардан шабыт аламыз. Абай бізге «Өмірдің сұлулығы неде?» деген сауалды да қалдырды. Оның жауабын мәңгі іздеуге болады», деді Рим Папасы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінде.

Рим Папасы дінге деген қажеттілікті оятатын мәселелер жиі еске алынып отыруы қажет екенін айтты.

«Біз жердегі қажеттіліктерімізді қанағаттандыру және тек экономикалық сипаттағы қатынастар орнату үшін ғана дүние есігін ашқан жоқпыз. Сонымен қатар, өмірде бір-бірімізбен ынтымақтастықта болу үшін де өмір сүреміз. Біз ең маңызды сұрақтарға жауап табуымыз керек. Бізге руханиятты насихаттау керек. Абай жазғандай, жан мен айқын ойды сақтау керек», деп қосты ол.