• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Ауа райы 14 Қыркүйек, 2022

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

189 рет
көрсетілді

Синоптиктер 2022 жылдың 14-16 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның солтүстік жартысына әлі де солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді.

«Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр сақталады, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін», делінген хабарламада.

15 қыркүйекке қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Ел бойынша жел күшейеді деп күтіледі.

15-16 қыркүйек күндері республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік күтіледі.

Соңғы жаңалықтар