• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қыркүйек, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев православие шіркеуінің өкілдерімен кездесті

203 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеулік байланыстар департаментінің төрағасы, Волоколамск митрополиті Антонийді, Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы митрополит Антонийді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, православие діні Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, православие шіркеуі қоғамда жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды өсіруге және насихаттауға зор үлес қосып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда дәстүрлі діндердің, соның ішінде православиенің дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге съездің негізгі мақсатын ілгерілетуге жасаған көмегі үшін ерекше алғысын жолдап, оған зор денсаулық пен рухани күш-қуат тіледі.

Өз кезегінде православие шіркеуінің өкілдері Патриарх Кирилдің Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді.