Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Германия өкілі Лаура Зигемундты жеңіп, Словенияның Порторож қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ сайтына сілтеме жасап.
Айта кетсек, WTA турнирінің жүлде қоры 200 мың еуроны құрайды.
Аталған сайыстарда қазақстандық спортшы Германия өкілі Лаура Зигемундтан басым түсті. Бұл жеңіс үшін Рыбакина барлық үш партияны пайдаланып, ойынды 6:7, 6:4, 7:6 есебімен аяқтады. Кездесу 3 сағат 22 минутқа созылды.
Енді Уимблдон-2022 чемпионы WTA Portoroz турнирінің екінші айналымындағы матчта әлемнің 66-шы ракеткасы чехиялық Тереза Мартинцовамен кездеседі.