• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 14 Қыркүйек, 2022

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

266 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мұқатаев Серікәли Мұхаметкәрімұлы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Серікәли Мұқатаев 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Сарқан қаласының №55 жылжымалы механикаландырылған колоннаның шебері болып бастады, онда 1997 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

1997-2000 жылдары жеке ұйымда жұмыс істеді.

2000-2003 жылдары - Сарқан аудандық әкімдігінің мәдениет бөлімінің бас маманы.

2003 жылы Сарқан ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы болды.

2005-2010 жылдары - Сарқан ауданы әкімі аппараты құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.

2010-2020 жылдары - ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясында басшылық қызметтерді атқарды. 

2020 жылғы наурыз-сәуірде - ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылғы сәуір-шілде аралығында - ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы директорының орынбасары.

2020 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа  дейін ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ның «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры болды.