• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қыркүйек, 2022

Иманды елдің іргесі мығым

355 рет
көрсетілді

Ұлтына, дініне қарамастан планетадағы әр адам бір-біріне бауыр. Қазіргідей алмағайып заманда адами құндылықтардың жиі аяққа тапталатынын көріп жүрміз. Дін өкілдері саясаткер болмасақ та шиеленіскен жағдайдың бейбіт түрде шешілуіне ынталымыз.

Осы ретте бұл съездің қыз­меті діни негізде туын­даған өткір мәселелерді бірлесе талқылауға және шешуге, түрлі ха­лық­тар­дың діндері мен мәде­ниет­терінің диалогіне, діни толеранттық рухын ны­ғай­ту­ға және тәжірибе ал­масу­ға, бейбіт діндердің оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндіктер береді.

Татулығы жарасқан, ауызбірлігі мен достастығы үйлесім тапқан ел бір арна­ға түйісіп, тілек-армандары орындалып, бақытты қоғам болып бейғам өмір кешетіні ежелден бел­гілі. Съездегі ұсыныс-пікір­­лер, ортақ шешімдер алауыз­дыққа емес барлық әлем халқын бірлікке, ын­тымаққа, тыныштыққа шақырады. Діні қуатты елдің іргесі мығым. Жаһандану заманында халықтардың тату-тәтті ынтымақ-бірлікте ғұ­мыр кешудің басты жолы – өзара құрмет пен сыйлас­тық. Ал өзара сүйіспенші­лік­те болудың жолы баянды қарым-қатынаста жатыр. Съезд алаңында наным-сенімі әртүрлі дін өкілдері бейбітшілікті өз дүниетанымымен қабылдай отырып, бірліктің жарқын үлгісін жалғауға атсалысты.

Геосаяси және геоэконо­мика­лық факторлар мен жаһан­дық қауіпсіздік жүйе­сінің бұзылуы салдары­нан халықаралық шиеленіс ушық­қаны белгілі. Рухани көшбасшылардың басты міндеті – құндылықтардың дұрыс жүйесін қалыптастыру және адамдарды бейбітші­лік, адамгершілік, қоғамдық келісім сияқты идеялар аясына топтастыру. Әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлері съезі­нің негізгі мақсаты да  осы.

 

Дэвид ЛАУ,

Израильдің Бас ашкенази раввині