• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қыркүйек, 2022

Діни бостандық шектелмегені жөн

235 рет
көрсетілді

Халықаралық Парламентаралық одақ 1897 жылы құрылды. Біз парламенттік қызмет арқылы бүкіләлемдік келісімді қамтамасыз етеміз. Одақ адамзат алдында тұрған жалпы ортақ проблемаларды шешудегі негізгі түйткілдерді қарастырады.

2017 жылы Санкт-Петер­бургте 137-ші Ассамблея отырысын өткіздік. Сол кезде дінара­лық және этносаралық диалог құру, мәдени плюрализмді ілгері­лету тақырыбында құрылған қорытынды құжатта парламент мүшелері мәлімдеме жасады. Бұл құжатта конвенция, мәдениет және этносаралық топтармен диалог құру қоғамды бейбітшілікпен пен мәдени плюрализммен дамытуда қажетті алғышарттары болып табылатыны айтылған.

Біз әлеуметтік, саяси-эконо­микалық және экологиялық, идеологиялық саладағы дағ­дарыс­тармен күресу үшін де жұмыс істейміз. Сондай-ақ діни кемсітушілікпен, расизммен және ксенофобиямен күресті одан әрі күшейте отырып, діни бостандықты шектеуге қарсы тұрамыз. Сонымен бірге әділетті қоғам құрудағы негізгі шартымыз ашықтық болып саналады. Бұл қай кезде де өте өзекті шарттардың бірі болып келді. Мәселен, біраз адам діни лидерлердің сөздерін не үшін өздеріне маңызды шарт деп қабылдайды? Себебі олар бұл жерде рухани рөлді атқарып отыр. Ал біз нормативтік тұрғыдан актілермен қамтамасыз етеміз. Оған ар-ождан, дін, діни наным-сенім бостандығын қамтамасыз ету кіреді.

Қазір Халықаралық Парла­мент­аралық одақ рухани, діни дамудың маңызы туралы ауқымды баяндама әзірлеп жатыр. Сонымен бірге бейбітшілік үшін зорлық-зомбылықтың барлық түрімен күресу де – біздің алға қойған мақсатымыздың бірі. Бүгінде діни оқу ағарту ісі де маңызды. Егер қоғамның барлық жіктері осыны жан-жақты ұғынса, оның ішінде діннің маңызын түсінетін болса ол біздің үлкен жеңісіміз болмақ. Өйткені бірлік болған жерде тірлік те бар.

 

Дуарте ПАШЕКУ,

Парламентаралық одақтың президенті