• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қыркүйек, 2022

Бірліктің алтын көпірі

299 рет
көрсетілді

Халықаралық институттардағы дипломатиялық қарым-қатынастардың босаңсуына қарамастан дінаралық байланыстардың маңыздылығын жоғары қоямыз. Ғылыми-технологиялық прогрестің дамуы барысында өркениетаралық қақтығыстардың жөнсіздігі айқын көрінеді.

Қазақ жерінде өткен съезге әлемнің түкпір-түк­пірінен көптеген дін өкіл­інің қатысуы олардың бейбітшілікке деген ынтасын, Қазақстанның баянды бай­ланыстың алтын көпірі еке­нін айқындай түсті. Бұл алаңда қатысушылар ой-пі­кірін ортаға салып, ынты­мақтастықтың іргетасын нығай­туға жол ашылмақ. Өзінің сапалық деңгейін арттыра түскен бұл дәстүрлі форум – әлемнің діни-экономикалық және саяси мәселелері ушығып тұрған уақытта мәдениеттер мен өркениеттер арасын жалғап, олардың тіл табысуына, бір-бірімен ымыраға келіп, ынтымақтастығын күшейтуге бағытталған іс-шара. Өткен ке­зеңдерде туындаған ал­мағайып саяси оқиғалар мен діни қырғи-қабақ қақтығыстар, көпконфессиялы қоғамдағы проблемалар әлі күнге дейін өз шешімін күтіп, өзектілігін жоймай келе жатыр. Сол себепті дәстүрлі дін өкілдері бір-бірін жатсынбай, дінаралық диалог алаңын­да өздерін толғандырған мәселелер туралы ортақ ой өрбітуге ниетті.

Қазіргі уақытта Қазақстан дипломатиялық елдердің бірі болып табылып, мәселелерді бейбіт жолмен шешуге барлық мем­ле­кеттерді шақырады. Мұнда ұлтаралық және конфес­сияаралық келісімді нығайту және сақтаудың өзіндік моделі қалыптасты. Әрбір көпұлтты мемлекеттің басты бағыты – өзара түсінушілік пен келісім. Маңызды іс-шарада бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұсыныс­тар жасалады. Бастысы – өрке­ниет­тер және діндердің арасындағы шиеленісушілік деңгейін төмендетуге әсер ететіні сөзсіз.

 

Аарон ФРЕНКЕЛЬ,

Еврейлердің Еуразиялық конгресінің вице-президенті