Мұсылман әлемінің әйгілі дін ғұламалары ілім алған, талай діндарлар түлеп ұшқан әл-Азһар университетінің шейхы, Жоғарғы мәртебелі имам Ахмад ат-Тайеб кеше елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, бесін намазына қатысты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІ съезіне келген жоғары мәртебелі имамды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қарсы алып, құлшылық ордасымен таныстырды.
Әл-Азһар шейхы бесін намазын оқыды. Намаздан соң Бас мүфти құрметті қонаққа қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, еліміздің дін қызметкерлеріне қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты.