• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Қыркүйек, 2022

Жәмилә Бақбергенова Сербияда алтынға таласады

106 рет
көрсетілді

Қазақстандық спортшы Жәмилә Бақбергенова Сербияда өтіп жатқан әйелдер күресінен Әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін таласады. Жартылай финалда Бақбергенова Румыния өкілі Александра Анхелді ойсырата жеңді.

Алда болатын шешуші жекпе-жекте Жәмилә Бақбергенова АҚШ спортшысы Амит Элормен күш сынасады.