2022 жылғы 14 қыркүйекте «Сбербанк» АҚ ЕБ атауының «Bereke Bank» Акционерлік қоғамы болып өзгертілуіне байланысты қайта тіркеуден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк атауының өзгеруі банктің өз клиенттері мен серіктестерінің алдындағы міндеттемелерін орындауына әсер етпейді.
Клиенттер үшін банктік шоттарды және олар бойынша жасалатын операцияларды, депозиттерді, айырбастау операцияларын, қарыздарды қосқанда, банк өнімдері бойынша қызмет көрсету шарттары өзгеріссіз қалады.
Дебеттік және несие карталарын қайта шығару, сондай-ақ клиенттермен қолданыстағы шарттарға қосымша келісімдер жасау талап етілмейді.