• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Қыркүйек, 2022

Елорда жәрмеңкесінде Алматы және Жетісу өнімдері ұсынылады

234 рет
көрсетілді

17 және 18 қыркүйек күндері елордада дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Алматы және Жетісу облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі өңірдің тауар өндірушілері елордаға 459 тонна өнім әкеледі, оның ішінде: 84 тонна - көкөніс, 62 тонна - жеміс-жидек, 48,7 тонна - картоп, 41,5 тонна - ет, 9 тоннадан астам - сүт өнімдері, 8 тонна - балық, 500 кг - бал, сондай-ақ 189 тоннаны құрайтын басқа да өнімдер бар.

Жалпы, Жетісу облысы 54 тауар түрін, Алматы облысы 42 түрін ұсынады. Олардың арасында өсімдік майы, қант, ұн, жарма, ұлттық сусындар және басқалар да бар.

Жәрмеңке аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды.

Еске сала кетсек, аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, бұл тауарларының бағасы нарықтан 10-20%-ға төмен болатынын білдіреді.

Айта кетсек, елордадағы жәрмеңкелер 13 қарашаға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары Тұран 48 мекенжайында орналасқан «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаңға барып, қос өңірдің тауарларын сатып ала алады.

Келесі демалыс күндері, яғни 24-25 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.

Соңғы жаңалықтар