• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Қыркүйек, 2022

Ертең елордада ФИДЕ әйелдер Гран-приінің бірінші кезеңі басталады

291 рет
көрсетілді

ФИДЕ 2022-2023 турниріне әлемнің ең мықты 12 шахматшысы қатысады. Еліміздің намысын Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович, қоғам және медиа саласының өкілдері қатысады.

Онлайн-трансляция chess.com, ФИДЕ, сондай-ақ шахмат федерациясының ресми Youtube-арнасында өтеді.

Жүлде қоры 80 000 еуроны құрайды.

Матчтар күн сайын елорда уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Турнир 30 қыркүйекке дейін жалғасады.