• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қыркүйек, 2022

Қазақстан ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатады - фейк

226 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде келесі жылдың басында Қазақстан ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтата тұруды жоспарлап отырғаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Stopfake.kz сайты хабарлағандай, ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды

«Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуы туралы жекелеген әлеуметтік желілерде пайда болған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан - ҰҚШҰ құрудың бастауында тұрған ұйымның белсенді қатысушысы. ҰҚШҰ-ға мүшелік біздің еліміздің ұлттық мүдделеріне толық жауап береді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартта оған қатысушы мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге заңды түрде міндеттейтін кепілдіктер көзделген. Бұдан басқа, ҰҚШҰ шеңберінде халықаралық терроризмге, заңсыз көші-қонға, есірткінің заңсыз айналымына, трансшекаралық қылмыстылыққа, ақпараттық саладағы қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау дағдылары пысықталуда. Осылайша, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты болып табылады, біздің еліміздің ҰҚШҰ-ға қатысуы Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарында көзделген.  Жалпы, Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығу мүмкіндігін қарастырмайды деп нақты мәлімдеуге болады», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.