16 қыркүйектен 17 қыркүйекке қараған түні Балпық би ауылында КамАЗ Opel Vectra және Toyota Camry жеңіл автокөліктеріне соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатынан екі адам қатты зардап шеккен. Олар Ақсай аудандық ауруханасына жатқызылды.
Жол апаты КамАЗ жүк көлігінің 31 жастағы жүргізушісінің кінәсінен болған. Медициналық куәландыру көрсеткендей, ол мас күйінде көлік жүргізген.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам ұсталды.