• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2022

Бауыртал орман шаруашылығында өрт сөндіруші көз жұмды

226 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Бауыртал орман шаруашылығы аумағында болған.

Тапсырмамен бара жатқан өрт сөндіру машинасы жол бойында ағашқа соғылып, аударылып қалған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан машина ішінде болған 1985 жылы туған өрт сөндіру қызметкері көз жұмды. 1960 жылы туған жүргізуші ауыр жағдайда», деп хабарлады Шарбақты аудандық әкімдігінен. 

Жол апатының себептері анықталуда. Жүргізуші автокөлікті басқара алмай, аударылуы мүмкін. Тірі қалған азамат санитарлық авиациямен облыс орталығына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.