Елордадан Өскеменге бет алған жолаушылар автобусы шұңқырға құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтық сайттың жазуынша оқиға туралы хабарлама «103» пультіне сағат 00:29-да түскен.
Оқиға орнына үш жедел жәрдем көлігі мен апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы жіберілді. Бірінші болып Қалқаман ауылынан жеткен жедел жәрдем зардап шеккендерге көмектескен.
- Өкінішке қарай, 6 және 14 жастағы екі бала дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 9 адамға (бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адам) оқиға орнында көмек көрсетілді, - деп жазылған хабарламада.Түрлі жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына, ал ересектер Павлодар қалалық № 1 ауруханаға жеткізілген.