• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 20 Қыркүйек, 2022

«Қазақстан халқына» қоры қамқорлығындағы тірек мектептер

841 рет
көрсетілді

«Қазақстан халқына» қоры Ақмола облы­сы­ның Қатаркөл ауы­лындағы Досов атын­да­ғы орта мектепті қа­жет­ті материалдық-тех­­никалық жабдықпен қам­­тамасыз етті. Бұл орта мектеп – қордың «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуе­­тін дамыту» қайы­рым­­дылық жобасына қа­тысушы 17 тірек мек­теп­тің алғашқысы.

17 тірек мектепті жаб­дық­тау­ға «Қазақстан халқына» қо­р­ынан 4,25 млрд теңге бө­лін­ген. Еліміздің 17 өңірінде НЗМ оқыту әдістемесі бо­йынша ауылдық тірек мектептер жабдықталып, олардың әрқайсысын жарақтандыруға 250 млн теңгеден бағытталады. Жобаны іске асыру ауыл оқу­шы­ларына өздері тұратын жерде сапалы білім алуға, сон­дай-ақ білім беру ресурстарын шо­ғырландыруға мүмкіндік береді.

12 қыркүйекте осындай тірек мектептердің бірінің тұ­сау­кесеріне «Қазақстан хал­қына» қоғамдық қорының бас­қарма төрағасы Болат Жәмі­шев, Beeline Kazakhstan бас атқарушы директоры Евгений Настрадин, «НЗМ» ДББҰ басқарма тө­ра­ға­сы Күләш Шәм­ши­ди­но­ва, Білім беруді тұ­рақты дамыту қорының құ­рыл­тайшысы, Aitas хол­дин­гінің басшысы Серік То­лық­па­ев, Ақмола облысы әкі­мінің орынбасары Елдос Рамазанов және БАҚ өкілдері қатысты.

Мектепте 39 кабинет пен үй-жай жаңартылып, жиһаз бен жабдықтар жиынтығы, оқытудың техникалық құрал­да­ры, құрал-саймандар мен ке­рек-жарақтар, көрсету құ­рал­дары, сәндік-көркем бұ­йым­дар, баспа құралдары сатып алынды. Соның ішін­де бейнеқабырға мен ақ­па­рат­тық киоск, арт-студия, онлайн сабақтар мен шеберлік са­бақ­та­рын жазуға арналған телестудия, шеберханалар бар. Қазір сабақтар интерактивті панельдерді, жаңа құрылғылар мен демонстрациялық материалдарды қолдана отырып жүргізілуде. Сондай-ақ оқу орнында мектеп жасына де­йінгі балаларға арналған шағын ор­та­лық бар.

«16 қыркүйекте «Қазақ­стан халқына» қоры ұлттық қайы­рым­ды­лықтың І конфе­рен­­­циясының қорытын­ды отырысын өткізеді. Осы конференция аясында 1 173 ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен 43 zoom-конференция өткіздік. Барлық өңірде 20 дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған 3 мың азамат қатысты. Қор бағдарламасының тұжырым­да­масын, проспектісін және азаматтық қоғамның ұсыныс­та­рын талқыладық. Дөңгелек үстелде айтылған маңызды ба­ғыттардың бірі – ауыл бі­лі­мін дамыту. Ауылдық білім беруді қолдау қажет де­генде, ең алдымен, тірек мек­­тептерді көтеру керек. Бұл туралы «Білім туралы» за­­ңында да айтылған. Бұл мектептер жақын маңдағы ауыл мектептері үшін демеу болуға тиіс. Қазір халық­тың жартысына жуығы ауыл­дық жерде тұрады. Сон­дық­тан ауыл оқушылары қала­дағы құрдастары секілді мүм­кін­дік­терге ие болуы керек», деп атап өтті Б.Жәмішев.

Мектептердегі өзгерістерді алғашқылардың бірі болып оқушылардың өздері баға­ла­ды. Мектепте барлығы 365 бала білім алып, 45 мұғалім са­бақ береді.

«Жазғы демалыстан оралып, мектепке келгенімізде таң­­ғал­дық. Барлық жерге заманауи жиһаз, жаңа құралдар қо­йыл­ған. Әрбір кабинет ерекше жасалған. Үзіліс кезінде ойын­дарға арналған жеке орын­дар бар. Бізге бәрі ұнап отыр. Енді жақсы оқуымыз ке­рек», деді 6-сынып оқушысы Томирис Киізбай.

Жоба бойынша операция­лық шығындарды «Қазақстан халқына» қорының серіктесі – Білім беруді тұрақты да­мы­­­ту қоры өз мойнына ал­ды. Бөлінген 4,25 млрд тең­­генің 2 млрд теңгесін Beeline Kazakhstan компания­сы жі­берген. Жобаның бас серік­­тестерінің бірі – «НЗМ» ДББҰ. Мектеп барлық құры­лым­дық бөлімшемен бірге ауылдық мектепке тегін әдіс­те­мелік қолдау көрсетіп, мұға­лім­­дердің біліктілігін арттырады. Айта кету керек, педа­гог­терді оқыту және кабинет­тер­ді жабдықтау кезінде НЗМ тәжірибесі мен ұсыныстары пайдаланылды.

«Біз қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп қана қой­май, ең маңыздысы – тірек мек­теп­тер­ді құру және дамы­ту жө­ніндегі жобада озық білім беру әлеуеті бар НЗМ ресурс­тарын да пай­да­­ла­намыз. Осылайша, ауыл мек­тептеріне үздік педа­го­ги­калық тәжірибелер мен әдіс­темелер енгізіледі», деп атап өтті «Қазақстан халқы­на» қорының басшысы Б.Жәмішев.

НЗМ көмегімен қазан айын­­­­да мектепте оқу-тәрбие жұ­­­мысының барлық аспек­ті­сін ке­шенді зерттеу басталып, оқу орнының қызметін жақ­сар­ту үшін талдау тобы құрылады.

Осы жылдың соңы­на дейін серіктестердің қаты­суымен қордың «Ауыл­дық жерлердегі тірек мектеп­тер­дің әлеуетін дамыту» қайы­рым­дылық жобасы аясында елі­міздің өзге өңірлерінде 16 ауыл­дық тірек мектеп жаңғыр­ты­лады.

Ал 17 қыркүйекте Қатар­көл­дегі мектепте Ашық есік күні ұйымдастырылып, ата-аналар, қоғам пен сарапшылар қауымдастығының өкілдері, жақын маңдағы ауылдардың ұс­таздары мен оқушылары тірек мектептің әлеуетімен та­ны­са алады.

Еске салсақ, «Қазақстан хал­қына» қоғамдық қоры 16 қыр­күйекте елордада Ұлттық қа­йырымдылық бойынша І кон­ференцияның қорытынды оты­рысын өткізеді. Жиын – ұлт­­тық қайырымдылықты да­­­­­­мыту мәселелері бойынша мем­­­лекет, бизнес және ҮЕҰ арасындағы диалог алаңы. «Қазақстан халқына» қорының нысаналы бағыттарын, отан­дық қайырымдылық сала­сының ин­но­ва­циялық әдіс­терін, мәсе­лелері мен прог­рес­сивті шешім­де­рін тал­қылау жоспарлануда.