• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Қыркүйек, 2022

Бидайдың экспорттық бағасы 32%-ға өсті

525 рет
көрсетілді

Бір айда бидай мен меслиннің экспорттық бағасы 10%-ға және бір жылда 32%-ға өсті. Экспорттың өзі заттай мәнде 3%-ға және құндық мәнде бірден 40%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстаннан экспортқа 1 млрд АҚШ долларына 3,3 млн тонна бидай мен меслин жіберілді. Заттай көріністе өсім 3,2%-ды, ал ақшалай көріністе 40,4%-ды құрады.

ТМД елдеріне 2,3 млн тонна өнім жөнелтілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3%-ға артық. Ең көп көлем Өзбекстан (1,5 млн тонна), Тәжікстан (416 мың тонна) және Түркіменстанға (217,9 мың тонна) экспортталды.

ТМД құрамына кірмейтін өзге елдерге 1 млн тонна бидай жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артық. Мәселен, Иранға 458,9 мың тонна өнім жіберілді, мұндағы жылдық өсім 34,2%-ды құрады. Топ-3 елдің қатарына Ауғанстан (267,3 мың тонна) және Италия (151,2 мың тонна) да кірді.

2022 жылғы шілденің қорытындысы бойынша бидай мен меслинге экспорттық жеткізілімдердің бағасы бір айда 10,1%-ға, жыл басынан бастап 14,5%-ға және бір жылда 32,1%-ға өсті.

Оның ішінде ТМД елдері үшін айлық динамикадағы бағалар 11%-ға, қалған елдер үшін 8,4%-ға өсті. Жылдық динамикада ТМД елдері үшін бағаның өсуі 35,4%-ды, қалған елдер үшін 23%-ды құрады.

Биыл бидайға арналған егіс алаңы 12,9 млн гектарды құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,2%-ға артық.