• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қыркүйек, 2022

Грузияда қарулы адам банк тонамақ болған

200 рет
көрсетілді

Кутаисидегі Руставели көшесінде арнайы операция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Rustavi 2 телеарнасының хабарлауынша, 20 қыркүйек күні «Грузия Банкіне» қарулы адам кірген. Оқиға кезінде банкте шамамен 10 адам болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар әлі де ғимарат ішінде.

Грузия ІІМ-нің хабарлауынша, шабуыл туралы хабар түскен бойда полиция қызметкерлері оқиға орнын дереу қоршап алған.

«Жергілікті жерге жұмылдырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлық қажетті және шұғыл шараларды қабылдайды. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», деп хабарлады Грузияның ішкі істер министрлігі.