Елорданың мәслихаты «Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының рәміздері туралы» құжат дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, құжат елорда рәміздерінің сипаттамасы мен пайдалану тәртібін бекітеді.
Құжатқа сәйкес, Астана қаласының елтаңбасы көгілдір түс аясында алтын түсті «Бәйтерек» пен «Шаңырақ» бейнеленген екі нышан орналасқан дөңгелекті білдіреді. «Бәйтерек» белгісі негізінде «Құсқанаты» оюы орналасқан, оның төменгі жағында стильді «Н» әрпі орналасқан, «Құсқанаты» оюы және «Н» әрпі алтын түске боялған. «Шаңырақ» белгісі мен «Құсқанаты» оюының сыртқы жағы жасылмен көмкерілген. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде сол және оң жақтарында қызыл аяда алтын түсті «Бөрікөз» оюы орналасқан. Елтаңбаның төменгі жағында алтын түстес аяда қызыл түсті «ASTANA» деген жазуы бар. «ASTANA» жазуының сол және оң жағында алтын түсті үш симметриялы сызықтар орналасқан.
Астана қаласының туы ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы ортасында Астана қаласының елтаңбасы орналасқан тік бұрышты жайматөсемді білдіреді, одан жан-жаққа алтын түстегі күн сәулелері шашылып тұрады.
Мәслихат шешімінің жобасы 4 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылған.