Биыл 1 қыркүйектен бастап Астанадан – Шымкент бағытында қатынайтын № 86/85 «Тальго» пойызы іске қосылған болатын.
Енді Астана – Жезқазған бағытындағы №65/66 жаңа пойызы ел астанасынан Ұлытау бағытына күн сайын қатынайтын болады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Жаңа пойыз жұп күндері Астанадан, тақ күндері Жезқазғаннан жөнелтіледі. ҚТЖ хабарлағандай, «Тальго» пойызында 344 орын бар. Вагондар ауа баптау жүйесімен және биодәретханалармен жабдықталған. Әр купеде розеткалар бар және жол бойында жолаушылар фильм көріп, мультимедиялық Vputi.kz. порталынан әуендер тыңдай алады.
Сонымен қатар жолаушылардың вагон-мейрамхана қызметтерін пайдалануға мүмкіндігі бар. «Гранд» және «гранд PMR» класты вагондарда (мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін) душ кабиналары да қарастырылған.