Медицина • 08 Ақпан, 2023
Бактериялы пневмонияға шалдыққан балалар көп
Жалпы, балаларда пневмония бактериялы немесе вирустық инфекциялардың асқынуынан болуы мүмкін. Әсіресе ауа райы салқындаған уақытта балалар арасында бактериялы пневмония жиі өршиді. Ауа арқылы тарайтын бұл инфекция иммунитеті әлсіз балаларға тез жұғып, баланың өкпесінде сырыл, артынша демікпе пайда болуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, кейінгі кезде балалар арасында бактериялы пневмония көбейген.
Экономика • 26 Қаңтар, 2023
Ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқалы әділетті қоғам ұстынын бекіте түсуге ұмтылыс жасалып, ұлт саулығына ерекше көңіл бөлініп келеді.
Медицина • 24 Қаңтар, 2023
Адам өз уақытын тиімді жұмсаған сайын жұмыс өнімділігі де арта түседі. Ал бұған мазасыздық, күйзеліс пен тамақтанудың бұзылуы да кері әсер етеді. Мұндай жағымсыз күйге түспес үшін мінез-құлықты өзгертудің маңызы зор. Ал сіз өнімді өмір сүруге кедергі келтіретін психологиялық кешендерді когнитивті мінез-құлық терапиясымен шешуге болатынын білесіз бе?
Экология • 23 Қаңтар, 2023
Бүгінгі дамыған заманда өнертабыс әлеміндегі жаңалықтар таңғалдырып жатады. Сондай тың дүниелерді ойлап тапқандардың қатарында қазақтың да аты аталса, қуанып қаламыз. Жақында Amanzholov University магистранты автоматтандырылған қоқыс сұрыптау кешенін жасап шығарды.
Медицина • 18 Қаңтар, 2023
Германиялық дәрігердің сәтті операциясы
Эпилепсия ауруы туралы естімеген адам жоқ шығар. Аурудың бұл түріне операция жасау оңай емес. Бұл ретте отандық медицина саласының дамуы үшін озық елдермен тәжірибе алмасудың пайдасы зор. Жақында Алматыда әлемге әйгілі Шарите клиникасының нейрохирургі, профессор Ульрих Томале эпилепсияның күрделі түрі бар бес балаға операция жасады.
Экономика • 18 Қаңтар, 2023
Былтырғы жылдың соңғы айында Электрондық еңбек биржасында 106,1 мың бос жұмыс орны және 36,6 мың түйіндеме орналастырылған. Яғни бір ғана айда көп өңірде бос орын жұмыстарының саны артқан. Сұраныс 16 пайызға өсіп, ұсыныс 27 пайызға төмендеп отыр.
Медицина • 17 Қаңтар, 2023
Сцинтиграфия – емдеудің қолайлы әдісі
Сцинтиграфия – бұл изотопты қанға жіберу арқылы дененің не дене мүшесінің ішкі құрылысын көрсететін суретті шығару әдісі. Бұл медицинада дұрыс диагностика жүргізуге қолайлы. Бүгінде сцинтиграфияның көмегімен миокардты диагностикалау емдеудің сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2023
Кейінгі кезде отандық медицина цифрландырылды дегенмен, әлі күнге дейін емханалардағы ұзын-сонар кезек азаяр емес. Ауырған жанға кезекке тұрудың өзі ауыр. Басы ауырып, балтыры сыздағандар қаралудың орнына уақытының көбін кезекпен өткізеді. Амалсыздан ақылы емханаларға жүгінуге мәжбүр. Өйткені ақылы қызмет мәселені көпке созбай бірден шешеді.
Медицина • 15 Қаңтар, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды платформасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы басталатын онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту ісі ілгері жүре бастады. Бұл жөнінде «Жаңғыртудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын іске асыруда елеулі өзгерістер белгіленуде», деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Алқа отырысының барысында медицина ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, «ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма төрағасы Диляра Қайдарова.
Коронавирус • 15 Қаңтар, 2023
Көрші елде қайта өршіген вирус
Әлемді коронавирус дерті қайта шарпыды. Қытайда коронавирус өршіп, науқастар ауруханаларға сыймай жатыр деген дабыл қағылғалы көп болған жоқ. Тіпті орталық үкіметтің коронавирус шектеулерін сынаған қолданушылардың аккаунттары жабылып, жұмысы да уақытша тоқтатылған. Соған қарамастан, билік індет басталғалы бері күшінде болған шектеу шараларын да алып жатыр. Көрші елде өршіген індетке әлем алаңдап отыр. Ал біз неге бейқамбыз?