Білім • 07 Қараша, 2022
Қазіргі кезде оқушыларға қатысты талқыланып жүрген мәселелер аз емес. Ата-аналардың біразы ауыр сөмке баланы ауруға шалдықтырады десе, енді бірі үй тапсырмасын үйіп-төгіп, мектептен тыс уақытта оқушының миын ашытудың еш қажеті жоқ деп санайды. Яғни бала сабағын тек мектепте оқып, үйдегі бос уақытында үйірмелерге қатысып, денсаулыққа көңіл бөліп, бір мезгіл ойынға да уақыт табуы керек деп есептейді.
Қоғам • 06 Қараша, 2022
Кибералаяқтардан қалай қорғанамыз?
Ел ішінде ауызын ашқан аңқауды әп-сәтте аңқитып кететіндердің түр-түрі бар. Алдыңнан атып шыға келетін жалт-жұлт еткен жарнамалардың да жарға итере салатындары жоқ емес. Ондай жарнамаға сендім дегенің – жел сөзге ердім дегенің. Оның үстіне бүгінде екінің бірінің басында несие барын білетін алаяқтар қарапайым халықты «несиеңді жауып беремін» деп те алдайтын болған.
Елорда • 03 Қараша, 2022
Елордада мектеп салу мәселесі өте өзекті. Өйткені демографиялық өсім қарқынын ескерсек, оқу орындарының санын азайтпау аса маңызды. Мәселеге мән берген елорда әкімі Алтай Көлгінов мектеп салу үшін 100-ден астам учаске анықталғанын Instagram парақшасында мәлімдеді.
Медицина • 03 Қараша, 2022
Әлемде жыл сайын 3 қарашада Дүниежүзілік медуза күні атап өтіледі. Бұл – жер бетінде адамдарға қарағанда ұзақ жыл өмір сүретін мөлдір желатинді денесі бар омыртқасыз теңіз жануары. 500 миллион жылдан астам уақыт бойы тіршілік етіп келе жатқан медуза балық не өсімдік емес, 98% судан тұратын денесі күмбезге ұқсас мөлдір жаратылыс. Осы медузалардың медицинаға пайдасы барын білесіз бе?
Медицина • 03 Қараша, 2022
Пренаталдық шаралар нақтыланды
Кейінгі кезде туа пайда болған және тұқым қуалайтын аурулардың профилактикасын және оның алдын алу ем-домын, диагностикасын уақтылы жүргізу мәселесі қоғамда өзектілігін жоймай келеді. Бұл орайда ұрықтың даму аномалияларын ерте диагностикалау тиімділігін арттыруға, нәресте өлім-жітімін, балалардың мүгедектікке ұшырауын төмендетуге бағытталған пренаталдық (босанғанға дейінгі) медицина қызметін одан әрі жетілдіру бойынша Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар стратегиялық шешім қабылдады.
Медицина • 02 Қараша, 2022
Отандық фармацевтикадағы серпін
Елордада «Global pharm» II Халықаралық фармацевтикалық форумы өтті. Форумға ДДҰ, ЮНИСЕФ, қоғамдық медициналық ұйымдар мен қауымдастықтар, Халықаралық фармацевтикалық компаниялар, Қазақстан мен ТМД-ның басқа да елдерінің танымал фармацевтикалық кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Қоғам • 02 Қараша, 2022
Жуырда Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып тұрақты ұйымдастырушысы «Қазақстандағы Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі болып келе жатқан «TOM: Astana» әлеуметтік жобасы бойынша PreTOM мейкатонының бірінші кезеңін өткізді.
Саясат • 02 Қараша, 2022
Гендерлік саясат – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Астанада еліміздегі әйелдер мен қыздардың саяси мүмкіндіктерін арттыру және көшбасшылық әлеуетін дамыту бойынша жаттықтырушыларға арналған тренинг басталды.
Саясат • 02 Қараша, 2022
Брайль шрифті мен трафареттер қолданылады
Президент сайлауын ұйымдастыру сияқты саяси маңызы зор науқанға дайындық та күн өткен сайын қыза түсуде. Биыл кезектен тыс өтетін президент сайлауында Брайль шрифті мен трафареттер қолданылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты.
Білім • 01 Қараша, 2022
Қазақстан оқушылары олимпиадаларға қатысу тарихында алғаш рет сыйақыға ие болды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дарынды балаларды ынталандыру жөніндегі тапсырмасы арқылы мүмкін болған. Енді 27 медаль иегері еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқитын болады.