Электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, онлайн-дауыс беру тетігін әзірлеу және енгізу туралы ұсыныс бүгінде зерделеу сатысында тұр және заңнаманы өзгертуге талаптар қойылып отыр.
«2022 жылғы 22 қыркүйекте жүргізіліп жатқан жұмыстарды жетілдіру мақсатында ЕҚЫҰ ДИАҚБ сарапшыларымен онлайн-консультация өткізілді. Мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау үшін халықаралық стандарттар мен ЕҚЫҰ елдерінің үздік халықаралық тәжірибесі егжей-тегжейлі қаралды», деді ол Орталық сайлау комиссиясы жанындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысында. Орталық сайлау комиссиясы жұмыс тобы мүшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі келіп түскен барлық ұсыныстары зерделенді. Барлығы 30-ға жуық ұсыныс түссе, оның кейбірі дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру, сондай-ақ мүгедек азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа еріктілерді, ым-ишара тілі мамандарын тарту мәселелерін жан-жақты қарастырады. Сондай-ақ мүгедек азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа еріктілерді, аудармашыларды тарту, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, мысалы, зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі немесе психологиялық кемістігі бар адамдардың сайлау құқығын сақтаудағы құқықтық және әкімшілік кедергілерді қысқарту қатаң қаралады.
Сонымен қатар Анастасия Щегорцова көру қабілеті бұзылған адамдар үшін трафареттерді әзірлеу туралы ұсыныстың ескерілетінін айтты.