фото: Бас прокуратура
Тергеу барысында аталған жеке тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2022-2024 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасап және үлестес ұйымдар арқылы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
«2025 жылдың наурыз айындада ол Черногорияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды», делінген хабарламада.
Күдікті қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің қолдауымен Барселона қаласынан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланған және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматын экстрадицияланды.