• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда сәби өлімі көбейді

1287 рет
көрсетілді

Қазақстанда ана өлімі азайды, алайда сәбилердің шетінеуі әлі де белең алып барады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, 2022 жылдың алты айында елімізде ана өлімінің көрсеткіші 2,4 есеге төмендеген. Ең жоғары көрсеткіштер Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Ана өлімінің жоғары себептері арасында акушерлік асқынулар 70%-ды , соматикалық аурулар 30%-ды құраған.

«Өкінішке қарай, сәби өлімі әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда нәрестелердің шетінеуі 6,5%-ға өсті. Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелді», деді А.Ғиният.

Ведомство басшысының айтуынша, 60%-дық жағдайда шала туылған нәрестелер шетінейді.