Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, әскерге ішінара жұмылдыру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Жұмылдыру шаралары 21 қыркүйектен, яғни бүгіннен бастап іске асырыла бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресей президенті шақырылғандар міндетті түрде әскери дайындықтан өтетінін айтты.
«Әскери қызметке шақыруға қазіргі уақытта запаста тұрған және ең алдымен әскер қатарында қызмет өткерген, белгілі бір әскери-есептік мамандықтары және тиісті тәжірибесі бар азаматтар ғана жатады. Әскери қызметке шақырылғандар бөлімге жөнелту алдында міндетті түрде арнайы әскери операция тәжірибесін ескере отырып, қосымша әскери даярлықтан өтетін болады», деді Путин.
Сонымен қатар, әскери қызметке жұмылдырылған ресейліктер төлемдер мен келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер мәртебесіне ие болады.