Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина TORAY Pan Pacific Open турнирінде өзінің жалғыз разрядтағы бірінші матчында ұтылды. Токио кортына шыққан қазақстандық ресейлік Людмила Самсоновадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемнің 22-ші ракеткасы және Уимблдон-2022 жеңімпазы WTA рейтингінде 30-шы орынға ие болғагн ресейлік Людмила Самсоноваға қарсы ойнады.
1 сағат 27 минутқа созылған матч Самсонованың екі партиядағы жеңісімен аяқталды. Есеп - 6:2, 6:4.
Келесі раундта Людмила Қытайдан келген Синьюй Ванмен күш сынасады.