Ертең, 22 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында келесі мәселелер қаралады:
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту; Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік БАҚ өкілдерінің қызметін ұйымдастыру; 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру.