• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология Бүгін, 12:50

«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты

20 рет
көрсетілді

№119 орта мектепте «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Келешек бағы – мектеп ауласын көгалдандыру» атты іс-шара ұйымдастырылды. Шара сенбілік және ағаш отырғызу форматында өткізіліп, оған оқушылар, педагогтер, ата-аналар және Әкелер кеңесінің мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және тәрбиедегі әкенің рөлін арттыруға бағытталған. Негізгі мақсат – әке мен бала арасындағы байланысты күшейтіп, жас ұрпаққа еңбекқорлық пен жауапкершілікті, сондай-ақ туған жерге жанашырлық сезімін үлгі ету.

Сенбілік барысында қатысушылар 10 алма ағашын, 10 қарақат көшетін, 6 мамыргүл және 6 қарағай отырғызды. Сонымен қатар «Таза өлке» бағыты бойынша мектеп аумағын абаттандыру, тазалау және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты

Іс-шараның ерекшелігі – әкелердің балаларымен бірге бірлесіп еңбек етуі. Мұндай формат оқушыларға экологиялық тәрбие беріп қана қоймай, ата-ананың жеке үлгісі арқылы еңбекке баулу, ұжымдық жауапкершілік пен өзара қолдауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау, суару және сақтау жұмыстарына да ерекше мән беріледі.

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты

Соңғы жаңалықтар